Жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні жарнамалаған күдіктіні ұсталды
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні жарнамалаған күдіктіні ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Cинтетикалық есірткіні сататын адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Жамбыл облысында есірткі қылмысының алдын-алу бөлімінің қызметкерлері үйлердің қабырғалары мен қоршауларына синтетикалық есірткілерді насихаттайтын граффити жазбаларын салған Тараз қаласының тұрғынын ұстады.
Ол өзінің бұл қылмысқа қатысы бар екендігін мойындады. Осылайша оған Қылмыстық жауапкершілік тағайындалды. Күдіктіге кодекстің 299-1 б.1 Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау және насихаттау бойынша жааупкершілік жүктеледі. Қылмыстық кодекстегі өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.