Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл қаласының маңында екі жүк көлігі соқтығысып қалды

Петропавл қаласының маңында жүк көлігі мен құдыққа арналған жүк көлігі соқтығысып салдарынан жүргізуші жараланды, –  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Осы жылдың 2-ші ақпанында шамамен сағат 16:45 те Қызылжар ауданы Бескөл ауылының жанындағы «Петропавловск-Жезқазған» тас жолында, 1987 ж.т. жүргізушісінің басқаруындағы МАН тіркемесімен ГАЗ жүк автокөлігі соқтығысқан. Оқиға салдарынан 1967 жылы туылған жүк көлігінің жүргізушісі салонда қысылып қалып қойды. Қызылжар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен құтқарып, Орталық аудандық ауруханаға жатқызды.

Аталған дерек Қызылжар аудандық полиция бөлімшесінде тіркелді. Материал жинау кезінде апаттың барлық жағдайлары мен себептері анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру