Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғам үшін қызмет еткен азаматтың еңбегі елеусіз қалмайды

Ішкі істер органының ардагері Тулегенов Суйеген Сулейменұлы 1959 жылдың қыркүйек айының 17-жұлдызы қарапайым қазақы жанұяда дүниеге келген.

 

Орта мектепті бітірісімен Ресейді бетке алып, Саратов қаласындағы мұнай және жер қазбалары техникумында білім алды. Көп ұлтты курстастарының ортасында өзге тілді де өз ана тіліндей меңгерді, қоғамдық шаралардың бел ортасында жүріп, өз пікірін ашық айтуға, көпшілікпен тіл табыса білуге де төселді. Әскери борышын Киев жерінде атқаруы да бойына жан-жақтылық, ұқыптылық, ширақтық қасиеттерін жинақтауға септігін тигізді. Бірнеше жыл өндіріс саласында еңбек етіп,

комсомол ұйымының жұмысына белсене араласып, белсенділігімен ел назарына ілікті.

 

1984 жылыҚызылорда облысы Арал аудандық Ішкі істер бөліміне қатардағы милиционер,яғни уақытша ұстау оқшаулығында бекет қызметкері болып жұмысқа қабылданды.

 

1987-1990 жылдары Алматы қаласындағы КСРО Ішкі істер

министрлігінің арнайы милиция мектебінде оқыды. Одан әрі

еңбекқорлығының арқасында профилактикалық инспектор, сыртқы қызмет күштерін жедел ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы қызметіне жоғарылады.

 

Ал,1996-2004 жылдары Арал аудандық Ішкі істер бөлімі

бастығының қызмет істері жөніндегі орынбасары қызметін подполковник шенінде абыроймен атқарып, зейнетке шықты.

Қызылорда облысы Арал аудандық Ішкі істер бөлімінде басшылық қызметін атқарып, қиындығы мол саланың ыстық-суығын бір адамдай көріп, елге үлгі болған ағамыздың ұлы Тулегенов Ғалымбек Суйегенұлы да әке жолын қуып, Арал аудандық полиция бөлімінде полиция майоры атағымен аға тергеуші лауызымын абыроймен атқарып келеді.

Тулегенов Ғалымбек Суйегенұлы 2008 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Құқық қорғау органдарында 2010 жылдың 13 тамызынан бастап қабылданған. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы Арал ауданы Полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция майоры болып қызмет атқарып келеді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Ғалымбектің қоғам үшін еткен еңбегі елеусіз қалған емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру