Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдың тайғақ болу cалдарынан автобус аударылды

Ақтөбе облысында жолдың тайғақтығы салдарынан автобус оң жақ бүйіріне аударылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

4 ақпанда сағат 14:00 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолында Хромтау қаласынан 5 шақырым жерде «Неоплан» маркалы автобус жолдың тайғақ учаскесінде оң жақ бүйірімен кюветке шығып кеткен. Автобус күзет агенттігінің қызметкерлерін тасымалдаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолда сақ болуға және жылдамдық режимі мен қозғалыс аралығын сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру