Ақмола полицейлері мен ЖОО студенттері есірткінің таралуымен бірге күресетін болады
Ақмола облысы полиция қызметкерлері мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
2020 жылдың 5-ақпанында полиция департаменті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті арасында студенттік ортада есірткінің заңсыз айналымы мен нашақорлықтың алдын алу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл қол қою бірінші кезекте психикаға белсенді әсер ететін заттарды теріс пайдалануға байланысты жағымсыз құбылыстардың таралуына, жасөспірімдер мен жастарда Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін есірткі және психикаға белсенді құралдардың заңсыз айналымы саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттер орын алмауы үшін құқықтық жауапкершілікті тиісінше түсінудің ,алаңдаушылыққа байланысты болды.
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректоры Марат Сырлыбаев синтетикалық есірткіні тарататын сайттардың жарнамаларын жою бойынша рейдтік іс-шараларға жоғары оқу орын студенттерінің қатысуымен есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма бастамасын қолдады, оның үстіне 2020 жыл Қазақстанда «еріктілер жылы» деп жарияланған болатын.
Өз кезегінде полицейлер ұзақ күтпестен, меморандумда көрсетілген тармақтарды орындауға кірісті. Тәртіп сақшылары Ш. Уәлиханов атындағы КМУ техника және технология факультетінің студенттерімен кездесіп, жаңа синтетикалық есірткіні қолданудың құқықтық аспектілері мен алдын алу жолдары туралы айтты.
Сонымен қатар, оқытушылар құрамымен кездесу ұйымдастырылды, онда қазіргі заманғы есірткілер және оларды студенттердің қолдануын анықтау белгілері туралы ақпарат айтылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мейрам Ғаббасовтың айтуынша: «тек тығыз ынтымақтастықта біз осы заманғы мәселеге қарсы тұра аламыз және студенттік ортада есірткінің таралуын бірден алдын алуымыз қажет».