Бас бостандығынан айыру орындарында қашықтықтан оқыту
СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің мекемелерінде қазіргі заманғы қоғамда бейімделуге, оның ішінде бейінді пәндер бойынша сотталғандарды оқытуға бағытталған бірқатар сабақтар өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бас бостандығынан айыру орындарында, сотталған азамат әлеуметтік байланыстарды, әлеуметтік ортада болу дағдыларын жоғалтады, теріс көңіл-күйге ие болады. Сонымен қатар, қоғамның өзі бұрынғы сотталған адамды қабылдауға дайын емес. Осының бәрі қайта қылмыс жасау тәуекеліне әкеледі. Бүгінгі күні Қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттің саясаты түзеу мекемесінде сотты болғандарды азайту және бостандықта өмір сүруге бейімдеу, заңға мойынсұнушылықты үйрету болып табылады.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын орындау мақсатында СҚО бойынша ҚАЖ департаменті Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа оқыту технологияларын пайдалана отырып, сотталғандардың білім алуы бойынша қызмет көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізді. СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемелері мен ЕС-164/6 мекемелері сотталғандарға қашықтықтан оқыту мүмкіндігі берілген.
Мекемедегі адамдардың өзін-өзі оқытуға мүмкіндігі бар. Курсты тыңдағаннан және тест жүргізгеннен кейін 9 сотталған келесі бағыттар бойынша мемлекеттік үлгідегі сертификаттарға ие болды: ақша-несие саясаты, босатылғаннан кейін маңызды рөл атқарады.
Біздің мемлекетте білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінетінін және бас бостандығынан айыру орындарында жүрген адамдар үшін кедергі болып табылмайтынын атап өткім келеді.