Азаматтарды қоғамға бейімдеу мәселесі талқыланды
Қызылорда облысы Қазалы ауданында пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу мәселесі талқыланды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазалы аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу,қылмыстық жазаны өтеген адамдарға және пробация қызметі есебіндегі сотталғандарға әлеуметтік және өзге-де көмекті ұйымдастыру өтті. Қазалы аудандық консультативті-кеңесші орган мүшелері және Қызылорда облысы прокурорының Д.М.Катаев, Қазалы ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Б.А.Мырзабаев Қазалы аудандық пробация қызметі есебіндегі сотталғандармен қоғамдық қабылдау өткізді.
Шара барысында жаза өтеу орындарынан босатылған сотталғандардың және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталып, пробациялық бақылау есебіне алынғандарға 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №292-VI Заңына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Пробация есебіндегі адамдарға еnbek.kz порталына кіру, портал арқылы түйіндеме орналастыру мен бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіпкерлікке қалай тіркелу, несие алудың жолдары тақырыптарында ақпараттық-әдістемелік жадынамалар таратылды. Қоғамдық қабылдауға 50 –ден астам пробация есебіндегі азаматтар қатысып, толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.