Жазасын өтеушілер қазақтың мұрасын жаңғыртты
Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталғандар «Абай дара, Абай дана» сайысын өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырады деп ой түйсе, республика көлемінде атап өту бастамасы өз жалғасын табуда.
Ұлы Абай ғұлама,ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы,аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға.
Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абайды тану, адамның өзін-өзі тануы, өзін-өзі танудың бастауы үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі-кемелдіктің көрінісі екендігін мекемеде естен шығарған жоқ. Оның мұрасы –парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі деген.
Осыған орай ШҚО ҚАЖД «ОВ 156/20 мекемесінде» Өскемен қалалық әкімдігінің №3 кешкі мектеп мұғалімдерінің қатысуымен сотталғандар арасында «Абай дара, Абай дана» тақырыбында іс – шара өткізілді. Іс – шарада ерекше түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан істі болғандар жыр – шумақ өлеңдер, қара сөздерін мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Арасында әндер де орындалды.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты әрбір қазақ ұрпағының бойына қазақтың қанына біткен асыл текті қасиетті дамыту, Абайды тану арқылы Қазақстанды рухани тұрғыда жаңғырту.