«Жолдағы қабылдау» акциясының кезекті кезеңі басталуда
Ағымдағы жылдың 14 және 15 ақпанда республика аумағында «Жолдағы қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өткізіледі,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің бастықтары полицияның фронт-кеңселерінде, сондай-ақ «NurOtan» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.
Акция кезінде азаматтар өздерінің өзекті мәселелерін шешу үшін, алдын ала жазылусыз тікелей полиция басшылығына жүгінуге, сондай-ақ үйден шықпай-ақ, әлеуметтік желілердегі Полиция департментінің ресми аккаунттарында өткізілетін бөліністер басшыларының қатысуымен тікелей эфир кезінде өз сұрағын қоюға мүмкіндігі бар.
Одан басқа, әкімдіктер, ПИК өкілдерімен бірлесіп, енгізілетін модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерінде «Аулаларда қабылдау» жұмысы ұйымдастырылады.
Жол қауіпсіздігі және көші-қон заңнамасы мәселелеріне қатысты сұрақтарға «қауырт желі» телефоны арқылы жауап алуға болады.
ІІМ бастамасымен ұйымдастырылған «Жолдағы қабылдау» акциясы азаматтар тарапынан сұранысқа ие болды. Акция – полицияның халықпен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа моделіне көшу бағыттарының бірі.