Өткір газға уланған анасы мен 3 баласы қаза тапты
Маңғыстау облысында өткір газдың салдарынан 4 адам қаза тапты,2 адам ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының 13-і күні сағат 18:30-да Мұнайлы полиция бөлімшесінің кезекші пультіне Батыр ауылында 6 адамнан тұратын отбасы улы газбен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келген соң 4 жәбірленушінің биологиялық өлімі анықталды. Бұл анасы және 3 бала. Отағасы мен тағы бір бала облыстық ауруханаға жеткізілді.
Тергеу барысында үйдің түтін мұржасы ақаулы күйде болған газ қазандығы анықталды.
Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 292-бап 3-бөлігі (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелген. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, яғни адамдардың өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.