Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Маңғыстау облысында жол-көлігі апаты орын алып, 2 адам қаза тапты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13-ақпанында шамамен сағат 14:50-де Ақтау-Қаражанбас автожолында “Лада Гранта” автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде аталған жүргізуші мен жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл факт Маңғыстау ауданы полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы,абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру