«Шет елден әкелінген көлікті рәсімдейтін» алаяқ анықталды
Ақтөбе облысында алаяқтықтың жаңа түрлері күн сайын артуда,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан алаяқтық фактілері
орын алуда. Талдауға сәйкес, көптеген жағдайларда алаяқтық әрекеттер
азаматтардың сеніміне кіру, олардың мүлігін алдау жолымен иемденіп
жатады.
10-ақпан күні 25 жасар ақтөбелік Ресей Федерациясының есебінен автокөлікті Қазақстан Республикасының есебіне рәсімдеу сылтауымен 43 жасар танысының 500 мың теңгесін жымқырды.
Тағы бір жайт, күдікті «WhatsApp» желісі арқылы жазыса отырып, екі есе пайда алу мақсатымен сенімге кіріп, 15 мың теңге сомасында ақша жымқырды.
Мұндай өтініштер полицияға күн сайын келіп түседі. Қазіргі уақытта
барлық өтініштер тіркелген, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан мұқият және
қырағы болуды сұрайды. Бейтаныс тұлғаларға жасырын төлем жүйелері
арқылы ақша аудара отырып, мәміле болмаған жағдайда, оларды қайтару
мүмкіндігі жоқ екенін есте сақтаңыз. Қазіргі кезде әр түрлі алаяқтық фактілерінің кең таралған себебінен олардың арбауына түспеу өте маңызды.
Сондықтан қырағы және мұқият болу қажет. Өзіңізді алдауға жол
бермеңіз. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға
хабарласыңыз.