Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлықтың 18 дерегіне қатысы бар деген күдікпен тұрғын ұсталды

Талдықорған полицейлері бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Талдықорғанда жеке үйлерден өзгенің мүлкін ұрлауды кәсіп қылған жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

2019 жылғы қазан айынан бастап облыс орталығы мен жақын орналасқан елді-мекендерде жеке сектордағы бірқатар ұрлық деректері тіркелген. Қылмыс жасау тәсілі мен оқиға орнынан ортақ белгілердің бар екені анықталып, бір адам жасауы мүмкін деген болжам қарастырылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қалалық полицияның батыс бөлімшесінің жедел уәкілдері 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұрлықтың 18 дерегіне қатысы бар деген күдікпен ұстады. Тіркелген барлық ұрлық деректері үй иелері болмаған кезде, яғни күндізгі уақытта пластикалық терезелерді сығымдау әдісімен жасалған. Күдікті зергерлік бұйымдарды, ақша, теледидарлар, ноутбуктер, телефондар, сағаттар және басқа да бағалы мүліктерді ұрланған. Қазіргі таңда жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын мөлшері 3 миллион 700 мың теңгені құрайды.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру