Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Арқалық-Торғай» тас жолындағы жолаушыларға көмек көрсетілді

Өңір автожолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында қар құрсауындағы жұмыстар тоқтамай тұр, соңғы екі
айда жедел-құтқару жасағының құтқарушылары облыс жолдарында авариялық- құтқару жұмыстарын жүргізуде.
13-ақпаннан 14-іне қараған түні Қостанай облысының құтқарушылары тағы көмекке асықты. «Арқалық-Торғай» тас жолының 30 және 60 шақырымында жолаушылары бар көліктер қар құрсауында қалды. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін өтімділігі жоғары «Нива Марш-БРОНТО» техникасымен
Арқалық қаласының құтқару бөлімшелерінің тобы жіберілді. Жұмыс барысында тас жолдың 32 шақырымында 6 машина қар құрсауынан шығарылды, 15 жолаушы құтқарылды. Жол бойында «Арқалық-Торғай» тас жолының 60-шы шақырымында құтқарушылар 3 адамды эвакуациялады. Зардап шеккен адамдар мен қар құрсауынан шығарылған көліктер Арқалық қаласына жеткізілді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру