Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдік көліктерді рәсімдеу ережелері түсіндірілуде

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда өңірінде республикалық «Жолда қабылдау» акциясы
өтуде. Полиция департаментінің, Жергілікті полиция қызметі басқармасы,
Әкімшілік полиция басқармасының басшылығы,  Қызылорда қалалық Полиция басқармасы мен аудандық полиция бөлімдерінің басшылары белгіленген орындарда азаматтарды қабылдап жатыр.
Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындарға Армения, Қырғызстан,
Беларусь, Ресейден әкелінген көліктердің біздің елде рәсімделу тәртібі,
сондай – ақ электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің
қолжетімдігі туралы құқықтық кеңестер беріліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру