Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық құтқарушылар қар құрсауынан азаматтарды құтқаруды жалғастыруда

Павлодарлық құтқарушылар қар құрсауынан азаматтарды құтқаруды
жалғастыруда,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында қар құрсауы бойынша жұмыстар тоқтамайды,
18-19 ақпанда облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары өңірдің автожолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Ауа райының нашарлауына байланысты 18 қаңтарда Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды. Бірақ азаматтар ауа райы жағдайына қарамастан құтқарушылардың ескертулерін ескермеуді жалғастыруда.
Нәтижесінде Шідерті кентінің кемпингінде шамамен 50 жүк көлігі, 25
жеңіл автокөлігі, 3 автобус, 140 адам тоқтап тұр. Шідерті-Екібастұз автожолында 2 жүк тиегіш жұмыс істейді. Шідерті – Ақмола облысының шекарасы автожолында 4 бірлік жұмыс істейді (1 фрейдер, 1 тиегіш, 1 КДМ, 1 ротор). 19.02.2020 жылы сағат 09.27-де 112-ге Солнечный кентінен соң
Қалқаман кентіне қарай далалы жолда 3 бірлік автотехника (1 трактор, 1
Камаз, 1 жеңіл автокөлік) қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына Екібастұз қаласының Жедел
құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді. 14 сағат 18 минутта ЖҚЖ қызметкерлері 4 адамды тапты, олар таяудағы фермаға жаяу өтіп, Трэколмен
3 бірлік автотехника тұрып қалған жерге қарай жылжыды. Оқиға орнына
келген бойда 3 бірлік техника қар құрсауында қалып қойғандығы және екі
адам жеңіл автокөлікте қалғаны анықталды.
Барлық азаматтар Солнечный кентінен трактор келіп, жолды тазалайтынына сілтеме жасай отырып, эвакуациялаудан бас тартты. Содан кейін 15 сағат 55 минутта ЖҚЖ қызметкерлері Трэкол адамдарды эвакуациялау үшін 8-ші сорғы стансасына барды.
19.02.2020 жылы сағат 11.20-да Шідерті кентінің 8-ші сорғы ауданында қар құрсауының салдарынан 30 автокөліктің (жеңіл автокөлік, жүк автокөлігі, автобустар) кептелісі болғаны туралы 112 желісіне хабарлама келіп түсті. Жолаушылар эвакуациялауды талап етті. Шақырту орнына Шідерті кентінің № 14 өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары құрамында 1 бірлік техника және Екібастұз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі құрамында 1 бірлік техника 3 адам жіберілді.
Сағат 13:00-де 2-МӨСБ қызметкерлері Екібастұз қаласы мен Бәйет ауылы арасындағы жолда қалып қойған фуралар мен жолаушылары бар автобусты, оның ішінде 1 жүкті әйел мен 1 бала жол барысында анықтады. Эвакуациядан бас тартты, осыған байланысты 2-МӨСБ қызметкерлері Шідерті ауылы жағынан жүк тиегішпен жолды тазартуды ұйымдастырды. Тазалаудан кейін техника Шідерті кентінде жылжитын болады. Сағат 13.30-да №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері адамдарды эвакуациялауды бастады. 15 сағат 10 минутта қар құрсауынан 2 автобус, 4 жүк машинасы, 7 жеңіл машина босатылды. Жалпы 95 адам, оның ішінде 4-тен 9 жасқа дейінгі 3 бала. Вахтада 16 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала. 10-ға жуық жүк көлігі, 2 автобус жолда қалды. 8 жеңіл және 2 автобус колоннамен жүрді. 1-автобуста 55 адам, 2-автобуста 15 адам. Барлығы Шідерті ауылына көшірілді.
Сағат 16.55-те вахтовкада «Ақжол» қонақ үйіне, жол жүру жолында 2 автобус жеткізілді. Сағат 17.15-те 2-МӨСБ қызметкерлері Газ-66 (КШМ) автотехникасында Шідерті кенті мен Бәйет ауылының арасында 8-ші сорғы
бара жатқанда 3 жүк автомобилін, 2 Камаз, 2 жеңіл машина және 1 Газельді
анықтады. Бір жүк машинасында 34 жылқы бар. Жалпы саны 13 адам.
Аталған машиналарды 2-МӨСБ қызметкерлері Шідерті кентінде шығарып
салады.
Сағат 16.27 – да 112-ге Төрт-құдық ауылының жанында қар құрсауында жеңіл автокөлік, 1 жүргізуші көлік кептеліп қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына трэколдағы ЖҚЖ қызметкерлері жүргізушіні эвакуациялау үшін жіберілді.
Сағат 16.38-де 112 желісіне Марғұлан ауылының жанында 4 жүк және
2 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама
келіп түсті. Шақыру орнына Марғұлан ауылының тұрғыны адамдарды эвакуациялау үшін жіберілді. Әкімнің басшылығымен Марғұлан ауылына 2
адамды эвакуациялады, қалғандары эвакуациялаудан бас тартты.
Сағат 14.35-те Баянауыл ауданы 20 өрт сөндіру бекетінің байланыс пунктіне Баянауыл ауылынан Лекер-Қызылтау тас жолында қар құрсауында
1 бірлік жеңіл көлік тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Автокөліктердің салонында 4 адам болған, оның ішінде 2 бала.Шақырту орнына УАЗ қосалқы автокөлігімен 3 адамнан тұратын ПП-20 қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына келген бойда 4 адам эвакуацияланды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру