Алтын әшекей ұрлаған күдікті ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында ер адам өзінің танысының құлағынан алтын сырғаларын жұлып алып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Семей полицейлері 27 жастағы жұмыссыз азаматты ұстады, азанғы сағат 10 шамасында ұры өзінің 19 жастағы танысынан, күш көрсетіп құлағынан алтын сырғасын шешіп алып кеткен. 585 үлгідегі алтын сырға, құны 30 000 теңге. Жауап алу кезінде қылмыскер кінәсін мойындады. Бірақ ұрланған алтын әшекейлерді қайтаруға мүмкіндігі жоқ екенін және сырғаны ломбардқа өткізгенін жасырмады.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.