Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы жолдарындағы құтқару операциялары жалғасуда

Бір тәуліктен астам уақытта құтқарушылар жедел-құтқару жасағының
қызметкерлерімен бірлесіп аудандық ТЖБ өтімділігі жоғары техникамен
Қостанай облысы жолдарында және елді мекендерде авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
18 ақпан мен 20 ақпан аралығында КамАЗ жоғары өтімді техникасымен Әулиекөл ауданында адамдарды эвакуациялау және автокөліктерді қар
құрсауынан босату бойынша құтқару жұмыстары жүргізілді. Қорғалжын
ауылының маңында Диевка – Әулиекөл тас жолында Әулиекөл ауданының
ТЖБ қызметкерлерімен бірге 40 адам құтқарылды және қар құрсауынан
эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала және 12 бірлік техника қар құрсауынан
шығарылды. Кейін Әулиекөл-Сұрған трассасында көпірдің жанында
Әулиекөл селосының № 15 ӨСБ бастығы және өрт сөндіруші-құтқарушысымен бірге Обаған, құтқару жұмыстары барысында 57 адам құтқарылды. Қар құрсауынан эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала, 17 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды. Эвакуацияланған жолаушылар Әулиекөл селосының мектеп-интернатын жылыту пунктіне жіберілді.
Облыстың оңтүстік бөлігінде жол қызметін тартумен СКБ-600-09 өтімділігі жоғары техникасында Шнекороталы қар тазалағышта Жолдама-Әулиекөл бағытында құтқару жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар барысында Арқалық қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары көмегімен 17 адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар аумағынан 70 адам көшірілді (36 ерлер, 22 әйел, 12 бала), 19 бірлік техника жұмылдырылды.
Қостанай, Федоров және Әулиекөл аудандарында ауа райының өзгеруі
нәтижесінде қар кептелісінде адамдар бар автомобильдер табылды. Қостанай
қаласы құтқару бөлімшесінің құтқарушылары қар құрсауынан Трэкол жол
талғамайтын автокөлігімен 34 адамды эвакуациялады және құтқарды, оның
ішінде 6 әйел және 4 бала. Барлық зардап шеккендерді жақын маңдағы елді
мекендерге жеткізді. Өткізілген құтқару жұмыстары барысында, Федоров
трассасында Арман кенті маңында, байқаған көліктердің бірінде жедел медициналық көмек қажет болған әйел табылды. Зардап шеккенді Қостанай
қаласының медициналық мекемесіне жеткізу туралы шешім қабылданды,
қалаға бара жатқан жол бойында медициналық көмек көрсетудің шұғыл
қажеттілігіне байланысты құтқару техникасымен кездесуге жедел жәрдем
бригадасын шақыру туралы шешім қабылданды. Қалаға кірер кезде әйелге
білікті медициналық көмек көрсету үшін 103-тің қызметкерлеріне аман-есен
табыс етілді. Құтқарылғандардың қатарында 5 ер адам, оның ішінде
Өзбекстан азаматтары да бар.
Құтқарушылар тобы Қостанай облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Т. Б. Кәкімовпен бірлесіп, ТРЭКОЛ жоғары өту техникасында
Қарасу ауданында да авариялық-құтқару операцияларын жүргізді. Қарасу

жолдарында қар құрсауынан 7 адам эвакуациялады және 3 автокөлік
құтқарды.
Жоспарланған мониторингтік іс-шараларды өткізе отырып, Қостанай
қаласына орналасу орнына оралу барысында қар құрсауынан 3 бірлік техника
босатылды, төтенше жағдай аймағынан 4 адам эвакуацияланды. Осылайша
құтқарылғандар мен көшірілгендер саны 11 адамды, босатылған техника – 6
автомобильді құрайды. Сол уақытта Таран ауданы Б. Майлин кентінде екі
әйелге көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түсті. Аудан орталығымен
байланыстыратын жолдың көрінбеуі салдарынан 3 құтқарушы ТРЭКОЛ
жоғары өтімді техникасымен шұғыл түрде оқиға орнына шықты. Қалаға бара
жатқанда жасақтың құтқарушылары дәрігерге дейінгі медициналық көмек
көрсетті, әйелдер Рудный қаласының қалалық ауруханасына медициналық
көмек көрсету үшін жеткізілді. Әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп
жоқ.
Қостанай – Қарабұтақ автожолында Қамысты ауданы Клочково
ауылының маңында 97 фура мен 15 жеңіл автокөліктен тұратын автокөліктер
қар құрсауында қалды. Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесінің күшімен
Қамысты ауданының ТЖБ және әкімдігімен бірлесіп кептелу орнында 104
жүргізуші мен жолаушыларға ыстық тамақ өнімдерін жеткізу және тарату
ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 20 ақпанына қараған түні Рязановка ауылында 2017
жылы туылған кішкентай баланы облыстық балалар ауруханасына көшіру
және ауруханаға жатқызу талап етілді. Құтқарушылар науқас баласы бар
анасын және тағы 2 баланы эвакуациялады. Уақытылы көрсетілген құтқару
және медициналық көмектің арқасында баланың өмірі мен денсаулығына
қауіп жоқ.
18 және 20 ақпанда облыстың автожолдарында Жедел-құтқару жасағының күшімен – 165 адам құтқарылды, оның ішінде 25 бала қауіпсіз жерге көшірілді – 218 адам; медициналық көмек көрсетілді – 1, қар қарсауынан– 54 бірлік техника құтқарылды.Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеке құрамның 14 қызметкері, өтімділігі жоғары 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру