Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізушілерге көлік ұрысы видео жазба жасады

Талдықорғанда ұсталған автокөлік ұрысы жүргізушілерді көлік ішінде кілтті қалдырмауға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда полицейлер бөтен көлікті айдап әкету дерегін ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде қолды болған автокөлік табылып, содан кейін осы қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды.

 

«Талдықорған қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 31 жастағы жергілікті тұрғын «Тойота Камри-40» автокөлігін Желтоқсан көшесіндегі дүкендердің бірінің алдынан айдап кеткендігі туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деп хабарлады Талдықорған қалалық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерлан Кикимов.
Жәбірленушінің сөзінше, ол көлікті көшеде қалдырып, дүкенге кірген. Ал, шыққан сәтте көлігі орнында жоқ болған. «Біз жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргіздік: жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын тексердік. Нәтижесінде автокөлік ұрлығына қатысы бар тұлғаға ұқсас белгілері бойынша Талдықорған қаласының 24-жастағы тұрғыны анықталды. Автокөлік Рудничный кентінен табылды, ал күдікті Талдықорған қаласынан ұсталды. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды», – деп толықтырды Ерлан Кикимов.
Сонымен қатар, күдіктіден бейне жауап алу кезінде ол барлық көлік жүргізушілерін өз автокөліктерінің кілттерін көлік ішінде қалдырмауға шақырған.

Себебі, бұл фактор жат пиғылды адамдарды жымысқы әрекеттерге итермелейді, сондай-ақ ұрлық пен айдап әкетуді жеңілдетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.