Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөліктен есірткі заты табылды

Қызылордада көлікте есірткі заты тәркіленді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің аумағында тұрған автокөлік мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызды. Қызылорда қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің  қызметкерлері мен жедел тобын шақырта отырып, көлікті тінту барысында артқы орындығынан 20 граммдық 4 дана шприцке нығыздалып салынған жасыл түсті шөп тектес зат табылды.  Сот-химиялық  сараптамасының қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру