Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы: ұзақ жолға шығуға ауа райы қолайсыз

Ақмола полицейлері 723 көліктен тұратын екі колоннаны елордаға дейін және кері қарай назарда алып жүрді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың автожолдарындағы көлік қозғалысына қар жауу қиындық туғызды. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін, полиция департаменті республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: елді мекендерден шығатын жолдарда блокпосталар қойылды, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, патрульдік полицияның қосымша экипаждары енгізілді.

Сондай-ақ, жол төсеміне жиналған қар салдарынан “Нұр-Сұлтан-Петропавл” автожолында көлік құралдарының қозғалысы шектелді. Осыған байланысты полицейлер автоколонналарды патрульдік полиция батальонының экипаждарымен қамтамасыз етті.

Басты міндет-жүргізушілер мен олардың жолаушыларын жолдың оқшауланған учаскелерінен шығару ғана емес, төтенше жағдайларда жол жүру кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

20 ақпанда Ақмола облысының аумағында Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай 490 автомашинаны, оның ішінде 366 жеңіл, 112 жүк және 12 автобусты алып жүру ұйымдастырылды.Сонымен қатар, кері бағытта, Нұр-Сұлтан қаласынан Щучинск қаласына 233 автомашинадан: 115 жеңіл және 78 фур колонна қозғалды.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң ұстануды сұрайды: бұл жол көлік оқиғалары мен апатты жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру