Мас жүргізуші жазасын алды
Өскемен қаласында көлікті мас күйде жүргізгені үшін азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 12 қаңтарында әлеуметтік желілерде Өскемен қаласы
көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алғаны, полиция қызметкерлерінің тексеруі барысында оқиғаға себепкер кінәлі жүргізушінің
көлік тізгінінде алкоголді мас күйінде болғаны жайында ақпарат таралған
болатын. Сонымен қатар, жүргізушінің бұған дейін көлік басару құқығынан 3
жылға айырылғаны анық болып, осы дерек бойынша қылмыстық іс сотқа
жөнелтілген болатын.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында жоғарыда аталған іс соңына жетіп,
Өскемен қалалық № 2 соты тиісті үкімін шығарды. Яғни, 44 жасар облыс орталығының тұрғыны мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарып, жол жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін, сондай-ақ өзінің әрекетімен басқалардың өміріне қауіп төндіргені үшін 3 жылға бас бостандығы мен өмір бойына көлік жүргізу құқынан айырылды.
Қазақстанда заң күшейтілгеннен кейінгі аралықта өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру дерегі алғаш рет Қарағанды қаласында орын алса, енді Өскемен аумағында қайталанып отыр. Осы тектес оқиға ақпанның 15 күні жалғасын тауып, 1987 жылы туылған азамат көлікті мас күйінде басқарғаны үшін тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бұл азаматтың да 2 жыл бұрын 3 жыл мерзімге куәлгінен айырылғаны мәлім болды.Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп,нақты тағдырын сот шешетін болады.