Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандар шаңғы тебуден сайысқа түсті

Ақтөбедегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандардың денсаулығын сауықтыру мақсатында, ҚАЖ департаментімен түрлі спорттық іс-шаралар атқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департаментке қарасты КА-168/2 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында өткен «Қысқы спартакиада- 2020» спорттық іс-шарасы.


«Бүгінгі сайыстың мақсаты- сотталғандардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, сотталғандардың түзелуіне ықпал ету, моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру болып табылады. Жалпы, сотталғандар арасында шаңғымен сайыс- мекеме ішінде жыл сайын өтеді және жазасын өтеушілер осындай сайыстарға өте белсенді түрде қатысады»- дейді КА-168/2 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, майор Ербол Жайшылықов.


Сотталғандармен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген шаңғы тебу ойынына жазасын өтеушілер әр жасақтан топ болып жарысқа түсті. Олардың арасында алғаш рет шаңғы тебуден сайысқа түскендері де болды.
Жазасын өтеушілерге керемет көңіл-күй сыйлаған сайыстың қорытындысымен: 1-ші орынды- 2 жасақ, 2-ші орынды- 11 жасақ, 3-ші орынды- 5 жасақ қатысушылары жеңіп алды.
Сайыс соңында ойын жеңімпаздары кубокпен және түрме басшылығының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру