Алаяқтықтың бірнеше түрі анықталды
Маңғыстау облысында учаскелік полиция инспекторлары өткен жылғы жұмыс туралы халық алдында есеп берді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғындары мен полицейлер арасындағы ашық диалог барысында қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстағы басымдықтар да анықталды.
Бейнебақылау камераларына назар аудару бұл қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу екенін біле отыра, қала тұрғындары бейнебақылау қызметін пайдалануға асығар емес.
Бұрын сотталған, шартты түрде босатылған және құқық тәртібін бұзатын азаматтар басты бақылауда.Халық алдында есеп беруге жиналған қалалық тұрғындар өзекті сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.
Кездесуге сондай-ақ тұрғындар өздерінің учаскелік инспекторларына жеделдік пен қырағылығы үшін алғыстарын білдірді. Есептік кездесуде тұрғындар өз учаскелік инспекторларының жұмысына оң баға беріп, сын-қатерлерге дер кезінде әрекет ету және ашу мысалдарын келтірді.
1. Мәселен, 2 ш / а тұрғыны. арызында, 14.01.2020 жылы үйдің алдында 5 дана жылу батареялары ұрланғаны туралы шағымданды. Оқиға орнына полиция капитаны М.Ишберген мен полиция аға лейтенанты С.Узганбаев екеуі оқиға орнына барып, қылмыстың ізін суытпай дер кезінде ашып, қылмыскерді ұстады.
2. 32 шағын ауданның тұрғыны белгісіз тұлға автокөліктің есігін ашып, 59 000 теңге ұрлағаны туралы арызданды. 32 ш.а учаскелік инспекторлары полиция аға лейтенанты Б. Гайбуллаев және полиция капитаны Е. Туленов оқиға орнынашұғыл жетіп,қылмыстың ізін суытпай дер кезінде ашып,қылмыскерді ұстады.
3. 26 шағын ауданның тұрғыны полицияға арызданған.Ол өз арызында белгісіз тұлға автокөлігіне кіріп, құны 30 000 теңге тұратын құрал-сайманын ұрлап кеткенін көрсеткен. Ақтау қаласының 26 және 28 «А» ықшам ауданына бекітілген учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А. Теңізбаев оқиға орнына шұғыл жетіп, қылмыстың ізін суытпай дер кезінде ашып,қылмыскерді ұстады.
4. 4 шағын ауданда белгісіз ер адам дүкенге кіріп, адамдардың жоқтығын пайдаланып, пышақпен ақша ұрлағаны туралы 102 кезекші пультіне қоңырау келіп түсті. Шақыруға учаскелік инспекторлар полиция майоры М. Қалдыбаев және полиция аға лейтенанты Б. Каримбаев шықты.
5. Сондай-ақ, 102 кезекші пультіне 8 шағын ауданда Ақтау қаласындағы «Азия Паб» барында азаматты белгісіз тұлға ұрып соғып дене жарақатын салғандығы жөнінде хабарлама түсті.. оқиға орнына 8 ш.а бекітілген учаскелік полиция инспекторы А.Самешов бірінші барып қылмыскерді анықтап, ұстап қылмыстың ізін суытпай ашқан.
Полиция инспекторларының жұмысы туралы халық алдында есеп беруге жиналған тұрғындар әлеуметтік сипаттағы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігі, алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар туралы сұрақтар қойды.