Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауланы қардан тазалау жұмыстары жалғасып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің қызметкерлері еріктілермен бірге балалар ауласын тазалады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысында қардың мөлшерден тыс жауғаны біраз мекемелерді әбігерге салды. Осыған орай Өскемен қалалық пробация қызметінің қызметкерлері еріктілермен бірге «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығына» барып ауласын қардан тазалауға көмектесті.

Қызметкерлердің және еріктілердің қайырымдылық жұмысына риза болған мекеме басшылығы алғыс білдірді.

«Осындай игі істеріміз әлі де жалғасып жатыр. Біз жан-жақты қамтуды қолға алдық. Қазіргі уақытта есепте тұрған өмірлік қиын жағдайға тап болған сотталғандарға әлеуметік көмек көрсетуді де назарға алдық», – дейді Өскемен қалалық пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Мақсат Манарбеков .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру