Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрт техникалық оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт техникалық оқу-жаттығу өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Шуақ кентінде орналасқан ҚАЖ Департаментіне қарасты ОВ-156/18,17,21 түзеу мекемелерінен шалғай жерде орналасқандықтан аталған 3 (үш) түзеу мекемелеріне өрт кезінде (басқа да табиғат апаты кезінде) жедел іс-шараларды ұйымдастыруға ведомсвалық өрт сөндіру күзеті қарастырылған. Осы ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысының «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» талаптарын орындау, мекемелерде төтенше жағдайларды болдырмау және профилактикалық алдын-алу жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті және «Еңбек-Өскемен» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (әрі қарай РМК) 2020 жылға арналған ерікті өрт сөндіру құрамының өртті сөндіруге дайындауға арналған тематикалық жоспарына сәйкес, ОВ-156/18 (орташа қауіпсіздік) мекемесінде (өрт кезінде эвакуациялау жолдары, өрт техникаларына, бірінші өрт сөндіру құралдары талаптарының мазмұны, өндірісте пісіріп өңдеу және басқа да жұмыстарда өрт қауіпсіздігін сақтау) тақырыбында мекеме аумағында орналасқан «Еңбек-Өскемен» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының нан пісіру наубайханасы ғимаратында өрт кезінде бірінші іс-қимылдары бойынша оқу жаттығу іс-шарасы тиісті деңгейде өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты өрт қауіпі туындаған жағдайда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде мекеменің ведомствалық өрт сөндіру күзеті қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мекемеде жазаларын өтеп жатқан ерікті өрт сөндіру ұйымының қатарындағы сотталғандардың бірінші кезекті өрт сөндіру құралын пайдалана білуін, ғимараттан эвакуациялау жоспары бойынша қауіпсіз жерге шығу жолдарын жеткізу болып табылады. Оқу-жаттығу өткізу барысында мекеменің ведомствалық өрт сөндіру күзеті қызметкерлерімен оқу-жаттығуға қатыстырылған мекемеде жазаларын өтеп жатқан сотталғандарға өрт кезінде (басқа да табиғат апаты кезінде) эвакуациялау тәртібі, бірінші кезекті өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі түсіндірілді. Өткізілген өрт техникалық оқу-жаттығуға мекеменің ведомствалық өрт сөндіру күзетінің қызметкерлері, «Еңбек-Өскемен» РМК-ның нан пісіру наубайханасында жұмыс істейтін сотталғандар, мекеме есебіндегі өрт сөндіруге арналған өрт сөндіру автоцистернасы жұмылдырылды. Алдағы уақыттарда ШҚО, Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп жоспарланған 2020 жылға арналған тематикалық жоспарға сәйкес ауқымды өрт техникалық оқу-жаттығу іс-шарасын өткізу жоспарлануда.


Өткізілген арнайы тактикалық оқу – жаттығу іс-шараларына басшылық жүргізген Шығыс қазақстан облысы ҚАЖ Департаментіне қарасты ОВ-156/18 мекемесінің бастығы әділет майоры А. Нурбековтың тарапынан оң баға беріліп, іс-шараға қатысушы тараппен жаттығудың жағымды жақтары атап көрсетіліп, кемшілік тұстары талқыланды. Сонымен қатар оқу-жаттығу мүмкіндігінше шынайы жақын ортада өткізілгенін, жаттығудың мақсаттарына қол жеткізілгенін және тапсырмалар орындалды деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру