Тыйым салынған материалдарды тарату фактісі анықталды
«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері тыйым салынған (порнографиялық) материалдарды тарату фактісін анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласында әлеуметтік сайтқа өзін жарнамалап, ашық түрдегі порнографиялық суреттерін салғаны Тараз қаласының тұрғыны А. есімді азаматшасы екені анықталып, ұсталды. Кейін белгілі болғандай ұсталған азаматша пайда табу мақсатында интимдік қызметтер көрсетумен айналысқан.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бап «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Атап кету керек, бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.