Ақтөбедегі «Гарант 24 Ломбард» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүргізілуде
Ақтөбе қаласында қаржы пирамидасымен айналысқан ЖШС анықталып, тергеп жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Гарант 24 ломбард» ЖШС-нің заңсыз әрекеттеріне Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (Қаржы пирамидаларын құру және басқару) бойынша қылмыстық іс қаралды. Аталған ЖШС Қаржы пирамидасына арналған әдіс бойынша «үстеме пайда» алуды ұсынды, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөлікті нақты нарықтық құнынан 30% – ға дейінгі баға бойынша сатып алумен, кейіннен нарықтық бағадан 30% – ға дейінгі баға бойынша сатумен айналысқан.
Сонымен қатар, әрбір тартылған клиент үшін салымшыға оның салымы сомасының 5% – на дейін төлем кепілдендірілді. ЖШС «Гарант 24 ломбард» Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген, құрылтайшысы ҚР азаматы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «Гарант 24 ломбард» ЖШС өз қызметін азаматтардың ақшасын тарту есебінен жүзеге асырған. Кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде орындамай, қайта бөлу арқылы жүзеге асыратыны анықталды, яғни іс жүзінде қаржылық (инвестициялық) пирамида болып табылады, оның нәтижесінде теріс әлеуметтік салдарға әкеп соғуы мүмкін, себебі қолда бар мәліметтер бойынша тек Ақтөбе облысының аумағы бойынша 10-ға жуық адам тартылған.
Ағымдағы жылдың 20 наурызында ЖШС-нің кеңсесінде сыйақылар төлеу тоқтатылды. Осыған байланысты 21 ақпан сағат 10-дар шамасында кеңсе жанында 100-150 адамнан құралған топ жиналып,кеңсе есігін бұзып кірген.
Келген полиция қызметкерлері алдын-ала әңгіме жүргізіп, оқиға болған жерді қарап, оның барысында оргтехника, сондай-ақ азаматтар мен «Ломбард 24 гарант»ЖШС арасында 11.000-ға жуық келісім-шарт тапты. «Ломбард 24 гарант» ЖШС Ақтөбе филиалы басшысының орналасқан жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.