Хабар-ошарсыз кеткен қызылордалық тұрғын іздестірілуде
Қызылорда облысының Полиция департаменті хабар-ошарсыз кеткен облыс тұрғынын іздестіруде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 15 ақпанында сағат 13:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» байланыс арнасына 1948 жылы туған
Баженов Тынымбайдың тұрғын үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып
оралмай, хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама түседі.
Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен
сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Хабар-ошарсыз жоғалушы Т.Баженовты іздестіру үшін учаскелік полиция инспекторлары, криминалды полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер және кинология қызметкерлері арасында мобильді топтар құрылып, полицияның қосымша күштері тартылып, кешенді жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар, барлық жеке құрам құлақтандырылып, оған қосымша Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де тартылып, дереу бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, Департаменттің балансындағы «дрон» техникалық құрылғысы қолданылып, оқиға орын алған жер, яғни «Сырдария» өзенінің жағалаулары толықтай тексерілді.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматты анықтау мақсатында барлық ҚАПБ-на
бағыт-бағдар таратылып, жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда, қылмыстық іс Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігіне қайта дәрежеленіп, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды.
Іздестіру жұмыстары Департамент басшылығының қатаң бақылауында.