Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 45 қылмыскер іздестіріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы екі айдың қорытындысы бойынша 45 қылмыскер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның тоғызы — пробациялық бақылауды бұзған.  Солардың бірі — 46 жастағы Петропавл тұрғыны. Оның ісі Солтүстік Қазақстан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына қаңтар айында түсті. Пробациялық бақылаудан жалтарған ол қаладан 100 шақырым жерде бой тасалаған.

Шаруа қожалығында жұмыс істеп жүрген жерінен тапқан сақшылар қашқындағы жігіт ағасын облыс орталығына жеткізді.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Петр Климов ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздеу — үздіксіз жалғасатынын айтты. Жыл басынан былтырдан іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталған.

Осы жұмыстарды күшейту үшін ақпанда облыс аумағында екі күндік «Қаңғыбас» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген еді. Сол кезде полицияға 200-ден астам адам жеткізілді. Олардың барлығы есепке алынып, қылмыстарды ашу үшін қажетті жедел ақпарат жиналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру