Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бағалы аң терісін өз иесіне қайта сатпақшы болды

Алматы облысының полицейлері ұрланған аю терісін заңды иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында полицейлер өткен жылы Талғар қаласында орын алған ұрлықты ашты.

2019 жылдың желтоқсан айында Талғар қаласының 34 жастағы тұрғынының жеке секторынан белгісіз тұлғалар электросамокат, велосипед, электродрель, аюдың басы бар терісі мен өзге де мүлікін қолды қылған. Аталған заттардың барлығы көлемді сомманы құрады.

Зардап шегуші барлық қолды болған заттардың ішінен ол үшін үш жыл бұрын Ресейден сатып алынған бас тұлыбы бар аю терісінің ерекше құнды болғанын жеткізді. Алайда, полицияға орын алған ұрлық туралы арызданбаған. Ол наурыз айында сайттардың бірінен аю терісін сату туралы хабарландыруды көріп, бұл туралы полицияға арызданған.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары арыз жазылғаннан кейін, жұмысқа белсене кірісті. Жедел-іздестіру іс- шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері эксклюзивті теріні тәркілеп, оны заңды иесіне танудан кейін қайтарып берді .

Эксклюзивті теріні сатушы 28 жастағы жергілікті тұрғын, бұл теріні оған әйелінің ағасы сыйға тартқанын айтқан. Еңбекшіқазақ ауданында тұратын 16 жастағы жасөспірім ұсталған соң, ұрлық жасағанын мойындаған. Ол 2019 жылдың желтоқсан айының соңында ұрланған заттарды сатып, ақшаны толығымен жұмсаған , ал аю терісін туысына сыйға тартқан.

Ұрлық дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. ҚР ҚПК 144-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған күдікті азамат сотқа дейінгі тергеу кезінде заңды өкілінің қарауына берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру