Ақтөбе қаласы аумағында карантин режимі енгізіледі
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына орай, 2020 жылғы 06 сәуірде сағат 21.00-ден бастап Ақтөбе қаласы аумағында карантин режимі енгізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азық-түлік дүкендерінің (жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін), дәріханалар мен дәріхана дүңгіршектерінің (штаттық режимде), Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің жұмыстарын қоспағанда, халыққа қызмет көрсетуі қызметтерінің барлық түрлері тоқтатылады.
Осы күндері Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардың үй карантин режимін сақтауын бақылауды қадағалайды, тұрғындардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, Ақтөбе қаласы бойынша автокөліктің себепсіз қозғалуына жол бермеу мақсатында көшелерді патрульдеу шараларын күшейтеді.
Облыс орталығының көшелерінде тәулік бойы 90-нан астам бірлескен полиция жасақтары, Ұлттық гвардия және ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілері кезекшілік етеді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ескерту, 10 АЕК айыппұл салынады және 15 тәулікке дейін әкімшілік
қамау көзделген.
Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимін бұзудың 135 дерегі анықталып, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Негізінен тәртіп бұзушылар дүкен иелері, олар белгіленген мерзімнен кеш жұмыс істейді (20:00 сағатқа дейін), және дүкеншілері маска режимін сақтамайды.