Қайтыс болған полицейдің отбасына көмек көрсетті
Қайтыс болған әріптестерін еске алу мақсатында Алматы полициясы олардың отбасыларына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан 40-қа жуық қызметкердің отбасы мен 11 ардагерге Алматы полициясының басшылығы кіріп шықты.
«Осылайша, біз, карантин кезеңінде бұл отбасылар ештеңеге мұқтаж болмас үшін қамқорлық жасадық. Біздің ардагерлер осындай кезеңде осал болып шықты, өйткені олардың жасына байланысты, денсаулығына қауіп төндірмеу үшін біреумен сөйлесуге болмайды. Азық-түлік сөмкелері қажеттілікке сай жасалды, жиынтыққа қажетті өнімдер енгізілді. Айтпақшы, біз, қызмет бабында қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты қолдау және қамқорлық жасаймыз. Қолдаусыз қалу өте – қиын. Бірақ, бұл әйелдер, қиындықтарға қарамастан, жақсы балаларды тәрбиелеп, күйеулерін құрметпен еске алады. Бұл үшін оларға ерекше алғыс айтамын», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары полиция Абдуали Нашарбеков.