Мас жүргізуші патрульге қарсылық танытты
Семейде мас жүргізуші патрульдік полицияға шабуыл жасағысы келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлттық ұланға қарасты 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы Виктор Тютюников полиция басқармасының қызметкері, полиция капитаны Арайлым Құрметовамен бірге карантин тәртібін бұзған бірнеше адамды анықтады. Олардың арасында үй ауласында ішімдік ішкендер де бар.
Полицейлердің ескертуіне құлақ аса қоймаған семейлік тұрғындардың бірі сөз таластырып, форма киген қызметкерлерге жұдырық алып жүгірмек болыпты. Жекпе-жек ұрысының әдісін сәтті қолдана білген ұландық сарбаз бұзақының заңсыз әрекетін тоқтата білді.
Мастыққа булыққан азамат Семей қаласының полиция басқармасына жеткізілді.