Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде “қалта ұрылары” ұсталды

Бірнеше мәрте қалта ұрлығына қатысы бар үш азамат ұсталып,олардың ісіне қатысты тергеу жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы екі айда Семей қаласында қалалық маршруттарда қалта ұрлығының құрбаны болған азаматтардың өтініштері жиілеп кетті.

Ең жиі қылмыс таңертеңгі уақытта және час-пик қоғамдық көлікте жасалғаны анықталды.

Қол сұғушылық объектісі ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер болып табылатын ашылмаған қылмыстар бойынша жеке тергеу тапсырмаларына сәйкес Семей қаласының полиция қызметкерлері қалта ұрлығымен айналысатын қаскүнемдерді анықтау бойынша жоспарлы жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

– Іс – шара ұялы телефондарды, планшеттерді, ноутбуктарды ұрлаудың алдын алу және ашу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұялы телефондарды ұрлады деген күдікпен бұрын қалта ұрлығына ұқсас айналысқан қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған үш азамат анықталып, ұсталды. Ұсталғандардың барлығы “қалта ұрысы” ретінде есепте тұр. Пәтерлеріне тінту жүргізіліп, айғақты заттар тәркіленді. Күдіктілер ұсталды, олар Семей қаласының 26-дан 37 жасқа дейінгі жергілікті тұрғындары екені анықталды. Қазіргі уақытта олардың қалта ұрлығының 18 эпизодына қатысы бар екені анықталды.

Олардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар ма екендігі анықталуда.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер Семей қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру