Арман Шораев қамауға алынды
Арман Шораев изоляторға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі (төтенше жағдай уақытында жалған ақпарат тарату) бойынша тергеу жүріп жатыр.
А.Т. Шораевқа «әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет жалған ақпарат таратты» деген айып тағылып отыр.
Сол әрекетімен ол қоғамдық тәртіпті бұзып, төтенше жағдай уақытында заңмен қорғалатын мемлекет мүдделеріне қайшы келді делінеді.
Арман Шораев қазір Қарағанды қаласындағы уақытша ұстау изоляторында ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес қамауда отыр. Тергеу жалғасады.