Қарттар үйіне санитарлық заттар жеткізілді
Солтүстік Қазақстан облысы ПД басшылығы қарттар үйіне бетперделер, қолғаптар мен гигиеналық заттарды табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер «Голос веры» қоғамдық бірлестігінің тұрғындарына сыйлықтар, вирусқа қарсы гигиеналық заттар мен жемістер сыйлады.
Петропавл қаласының шетінде орналасқан шағын мекемеде 60 пен 95 жас аралығындағы 44 адам пана тапты. Карантин кезінде санитарлық нормаларды сақтай отыра, оларға погон таққан әртістер келетінін естіген қарттардың қуанышында шек болған жоқ. Қарттардың көңіліне қуаныш сыйлау үшін мекеме ұжымының келісімімен офицерлердің тек бір бөлігі ғана барды, кіреберісте олардың дене қызуы өлшеніп, барлық сыйлықтар мен концерттік аппаратура антисептикпен өңделді, яғни олар барлық міндетті санитарлық-эпидемиологиялық рәсімдерден өтіп барып кірді. Бұның бәрі бүгінгі көрермендердің денсаулығына зиян келтірмеу үшін жасалды.
Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев барлық қазақстандық полицейлердің сәлемін қарттарға жеткізді: «Полиция департаментінде сіздерге жылы құттықтаумен келу жақсы дәстүрге айналды. Карантин жағдайында өздеріңізді өмірден оқшауланған ретінде сезінбеулеріңіз үшін біз сіздерге келіп отырмыз. Сіздердің әрқайсыларыңыздың тағдырыңыз – тарихымыздың алтын қоры болып табылады. Біз әрқашан Петропавлда даналық пен өмір жолын қадірлей білетін ыстық жер бар екенін білеміз. Бұл үйдің тұрғындары өздерінің жылулықтарын аямай, кәрілікті бірге қарсы алып, бір-біріне сүйеу болуда. Табиғат анамыз оянып, көктем келді. Сіздерге көктемгі көңіл-күй, денсаулық пен жақсы көңіл-күй тілейміз».
Өздерінің жастық шақтағы «Надежда», «Катюша» және «Мы желаем счастья вам» әндерін естіген кезде олардың көздерінің бал-бұл жанғандарын сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Бетпердеден ән сәл баяу шықса да полицейлер оны эмоцияларымен толықтырды. Бәрі сүйіп көретін «Семнадцать мгновений весны» кинофильмінен домбырамен орындалған этюд отырған көрермендерге, сол мекемеде қызмет етіп жүрген қызметкерлерге, сондай-ақ полицейлердің өздеріне де қатты әсер етті, барлығы көздеріне жас алды.
Мекеменің атқарушы директоры Тамара Малетина ұдайы түрде назардан тыс қалдырмайтындары және осындай жылы шырайлы кездесулері үшін Полиция департаментінің басшылығына алғыс айтты. Полицейлер өздерінің көрермендеріне карантин аяқталған соң үлкен концертпен келетіндері жайлы уәде берді.