Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ әйел танысының атына жасырып несие алған

Қызылордада 26 жастағы алаяқ әйел танысының құжатын сұрап алып, атына жасырып несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордада жақын танысының сеніміне кіріп, оның төлқұжат нөмірі мен банк картасын пайдаланған 26 жастағы әйел сотқа тартылды.

Ол жақын танысының үйіне келіп,  танысының төлқұжат деректерін жасырын түрде ұялы телефон суретіне түсіріп алған. Бұдан кейін ол күйеуі қызына ақша аударатынын айтып, банк картасын сұрап алады. Алған құжаттары арқылы түрлі микрокредит ұйымдарынан несие алып, танысына қомақты көлемде шығын келтіреді. Бүгінгі таңда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодекінің 190 бабының 4 бөлімімен қылмыстық іс тергеліп бітті. Қазір сотта қаралуда.

“Қазір интернет арқылы алаяқтық жасау көбейіп барады. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында оған қатысты 162 қылмыстық оқиға орын алған. Сондықтан азаматтардан сақ болуын сұраймыз”, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру