Ақтөбеде режим бұзушылар саны мыңнан асты
Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1125 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
28 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 1125 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы (ТЖ режимін бұзу) бойынша – 1075 құқық бұзушылық, оның ішінде 211 адам қамауға алынды, 257 айыппұл салынды, 557 ескерту жасалды, 41 материал сотқа жіберілді.
ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 50 бұзушылық анықталды, оның ішінде 23 айыппұл салынды, 27 қамауға алынды.
Мысалы, Ақтөбе қаласының екі тұрғынына полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырған, олар карантин кезінде вокзал маңындағы алаңда тәулік бойы пәтер тапсырған. Мамандандырылған әкімшілік сотымен екі әйелге 10 АЕК (27.780 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтардың саны 78–ке жетті.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.