Бірыңғай велосипед ұрлайтын ұры ұсталды
Тараз қаласының полицейлері бірнеше мәрте велосипед ұрлап үлгерген облыс орталығының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері күдіктінің бес велосипед ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (бірнеше мәрте жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті түнгі уақытта велосипедтерді көп қабатты үйлердің кіреберістерінен және жеке меншік секторлардың ауласынан ұрлаған.
Қауіпсіздік мақсатында велосипед иелерінің бірінші кезекте көлік құралының дөңгелектерін бұғаттайтын икемді бекіткіш құрылғылары болуы қажет, ал ондай жағдайда қаскүнемнің велосипедті иыққа салып әкетуі екіталай.
Велосипед дөңгелегін бұғаттаудың басқа тиімді шарасы – оны ағаш, шам бағанасы, қоршау сияқты қозғалмайтын заттарға байлап бекіту.
Ұрыны ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне велосипедті уақтылы тиісті есепке қою иесінің ұялы телефон нөмірі немесе басқа белгілер түріндегі жазу да тиімді көмек болып табылады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті велосипедтерді, олардың қосалқы бөлшектерін сатып алу және сату орындарының иелерін көрінеу қылмыстық жолмен алынған мүліктерді сатып алғаны және сатқаны үшін ҚР ҚК-нің 196-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасы қарастырылатыны туралы ескертеді. Аталған құқық бұзушылыққа қатысты мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.