СҚО полицейлері марапатталды
Солтүстікқазақстандық полицейлер кәсіби шеберлігі мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев қызметте жоғары кәсібилік пен ерлік көрсеткен полиция қызметкерлерін марапаттады. Қызметте ерекшеленген солтүстікқазақстандық полицейлер де бейнеселекторлық режимде өткен кеңеске қатысты.
«Өзінің қызметтік және азаматтық міндеттерін адал атқаратын барлық қызметкерлер алғыс пен мадақтауға лайық. Негізгі бағаны бізге халық береді. Еліміздің басшылығына жүгінгенде және әлеуметтік желілерде жұмыстарын мінсіз атқарған және кәсіби іс-әрекет еткен қызметкерлерге алғыстарын білдіріп жатады. Төтенше жағдай кезінде сіздердің қайсарлық, ерлік танытып, қызметтік міндеттерді адал атқарғандарыңызды атап өткім келеді», – деді министр, барлық өңірлердегі полиция қызметкерлерін марапаттай отыра.
Марапатқа ие болғандардың ішінде – СҚО ПД-нің патрульдік полиция батальонының инспекторлары полиция аға лейтенанттар Жігер Балтабай және Евгений Вишневский болды.
Солтүстікқазақстандық офицерлер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды.
Наурыз айының соңында солтүстікқазақстандықтар облыстық Полиция департаментінің басшылығына алғыс білдірген Күләш Балтабековадан, олардың адамгершілік іс-әрекеттері туралы білді. Оның айтуынша, өтіп бара жатқан ауыр жүк машинасының доңғалағына қатқан мұз көлігінің алдыңғы әйнегіне тиіп, сындырған. Көлікте қарт адамдар болған, суықта әйнексіз жүру мүмкін болмайды. Полицейлер елді мекенге жеткізіп қана қоймай, көлікті жөндеуге де көмектесті. Жігер Балтабай мен Евгений Вишневский жерлестерінің алғыстарына басқа да қайырымды және батылдық іс-әрекеттер үшін ие болды. Былтыр полиция қызметкерлері балалар мінген автомашинаға ілесіп жүргенде ауыр зардаптардың алдын алды. «Газель» машинасынан от шығып, барлық жолаушылар дереу шығарылды.
«Министрдің марапаты – менің қызмет барысымдағы ең қобалжыған сәтім. Басшылықтың және халықтың сенімі, бізді абыроймен жұмыс істеуге, одан да жауапты болуға ынталандырады», – деді Жігер Балтабай.
Сондай-ақ, онлайн-кеңеске өздерінің ерліктерімен ерекшеленген басқа да солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары Азат Зейноллов, Қуаныш Сүлейменов, Руслан Ахматов, Ерлан Данкин, Азамат Букуев қатысты. Ерлан Тұрғымбаев барлық қатысушыларға қызметтері үшін алғыс білдірді. Іс-шара соңында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев өздерінің қызметтік міндеттерін одан әрі қарай адал атқаруға шақырып, ризашылығын білдірді.
Ішкі істер министрінің қатысуымен өткен бұл бейнеселекторлық кеңес ұмытылмайтын әсер қалдырды, сонымен бірге одан әрі ерекше режимде қызмет етіп жүргендерге қысқаша үзіліс болды.