Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6 келі балық тәркіленді

Қызылордада заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айында облыс көлемінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға арнайы мобильдік топ құрылып, жұмылдырылды.

2 мамырда ОПД-нің ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында Шиелі ауданы Бала би ауылының тұсында “УАЗ” автокөлігі тоқтатылып, заңсыз электр тоғын пайдаланып, балық аулап жүрген аудан тұрғыны ұсталды.

Оның көлігінен резеңке қайық, аккумулятор және алты келіден аса балық тәркіленді.

 Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен алық ресурстарын заңсыз алутергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Егер аталған адамдардың кінәсі дәлелденсе,  сот шешімімен олар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру