Жол-көлік оқиғасынан көлік жүргізушісі қаза тапты
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Автокөлік жүргізушісі қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 мамыр сағат 15:00 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының бойында III интернационал ауылының тұсында «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Камаз» жүк көлігіне соққан. Салдарынан «Камаз» жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталады.
Қызылорда облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жолдағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жол жүру ережелеріне аса мән беріп, жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.