СҚО ПД емханасы бар госпиталінде 22 мейірбике жұмыс істейді
Солтүстік Қазақстан облысы полиция госпиталінде 22 медбике 20 мыңға жуық пациентке қызмет көрсетеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамыр кәсіби мерекелері – Халықаралық мейірбике күнімен оларды әріптестері құттықтады.
«Алғашқы рет бұл датаны салтанатты әрі мерекелік жиынсыз атап өтудеміз», – дейді госпиталь басшысы Құмар Күсемісов. Себебі бәрімізге белгілі:карантиндік шектеулер. Төтенше жағдай режимінің алынуына және жеңілдетулерге қарамастан, біз тәуекелге бара алмаймыз. Емханасы бар госпитальдің медицина қызметкерлерінің онсыз да індетті жұқтыру қаупі жоғары. Мейірбикелердің карантиндік іс-шаралардан қолы босамайды, күн сайын олар әкімшілік ғимараттардағы бақылау-өткізу пункттерінде полиция қызметкерлерінің дене қызуларын өлшеп, тексереді. Дәрігерлермен бірге пациенттерді қабылдайды, талдауға материалдар жинайды, оның ішінде коронавирусқа күдіктілерден де, жалпы ПД жеке құрамын тексерістен өткізіп жатыр. Сондықтан әріптестерімізді бүгінгі кәсіби мерекелерімен жұмыс орындарында құттықтаудамыз».
Сырттай қарағанда мейірбикелердің жұмысы аса көзге көрінбейді. Ал олар облыстың құқық қорғау органдарының жеке құрамына, олардың жақын туыстарына және ардагерлеріне қызмет көрсетеді. СҚО ПД госпиталі мен емханасы барлығы 19 300 адамға қызмет көрсетеді. Медбикелер, әсіресе, ардагерлерге аса қамқорлықпен қарайды, олар үшін скринингтер, тексерістер ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі күні ардагерлердің басым бөлігі оқшаулауда – мейірбикелер олардың үйлеріне барып, денсаулық жағдайларын қадағалап тұрады.
«Жүктеме зор: екі күн сайынғы тәуліктік кезекшіліктерге, шақыртуларға шығу, карантиндік іс-шараларға қатысу, – дейді аға мейірбике Жанар Құсбекова. – Медицина қызметкерлерінің жұмысындағы басты қиындық үстеме жұмыстың көлемі емес, психологиялық тұрғыда әзір болу. Жұмысқа келгенде жеке басындағы проблемаларды, ауру-сырқаттарын, жеке шаруаларын тыста қалдыру қажет. Емханаға және стационарға, қызметкерлер мен ардгерлердің үйлеріне кәсібилігімізді, мейірімділігімізді, қол ұшын созуға әзірлігімізді алып кіреміз».