Наркология орталығының емделушілері арасында онлайн форматта шығармашылық сайыс өтті
Қызылордалық полицейлер онлайн форматта шығармашылық сайыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, салауатты өмір сүруге ынталандыруға негізделген алдын алу жұмыстарын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан наркология орталығының емделушілері арасында «Мен саған өз өмірім
жайлы айтып беремін» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.
Сайысқа барлығы 20 емделуші қатысты. Сайыскерлердің көпшілігі жалпы өмірбаянын жазумен шектелсе, өз өмірінде жасаған олқылықтары жайлы жазғандар да жоқ емес.
Шығармаларды талдай отырып, келесідей тұжырымға келуге болады: барлығының балалық шағы жақсы өткен, басым көпшілігі отбасын құрып балалы болған, ал сонан соң туындаған қиыншылықтар, болмаса өздерінің немқұрайлылығына байланысты ішімдікке, нашақорлыққа салынған.
Көпшілігі жоғары, арнайы орта оқу орындарын бітіріп, кезінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Көпшілігі қазіргі таңда жалғыз екендігін көрсетсе, кейбіреулері отбасымен бірге тұратындығын атап өткен. Соңғылары балалары мен немерелері, олардың жетістіктері жайлы жазған. Сайыскерлер дертке дейінгі кезеңді керемет екенін енді түсінгенін және де «сол кездер қайта оралса» екен деп армандайды.
Ең маңыздысы – өзін бақытты екенін жазғандар да бар! Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.