Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Погондағы полицейлер – Дегениязовтар династиясы

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ. 

Еркін, Нүркен, Ерболат және Кенесары Дегениязовтар – өз өмірінде қиын жолды таңдаған бауырлар. Еркін Дегениязов – әулеттің ең үлкені. Ол қызметін Ақтау қаласы ІІБ қамтамасыз ету қызметінің жүргізуші-милиционері лауазымынан Маңғыстау облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру бөлімшесінің басшысына дейін бастаған.

– Мен ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап 2018 жылға дейін жұмыс істедім. Бала кезімнен бастап милицияда қызмет етуді армандадым, тезірек формасын киіп, адамдарды қылмыскерлерден қорғауды армандадым. Менің бала арманым орындалды және подполковникке дейін полицияда 24 жыл абыроймен қызмет еттім. Менің жолымды бауырларым жалғастырды, тіпті туған қарындасым да полицей күйеуді таңдады. Қазір отставкадамын, әйеліммен бірге бес баланы тәрбиелеп отырмыз, – деп бөлісті Еркін.

Қарындасы Лаура бала кезінен бастап ағасы Еркіннің әр кезде полиция қызметкері формасында көріп өскен. Ол үшін ағасы үлкен үлгі болды. Оның көзінде полиция әрқашан қорған болып тұрды.

«Мен әрқашан ағамды мақтан тұтамын. Полиция – бұл өте қиын және күрделі мамандық, өйткені адамдар үнемі өз өмірін адамдар үшін тәуекел етеді. Еркін ағам әрдайым жұмыста болатын, оны отбасылық дастархан басынан жиі көре бермейсің, –  деп Лаура әңгімелеп берді. Мен күйеуім Серікпен кездескен кезде, ол да полицей болады деп ойлаған жоқпын. Мүмкін, бұл тағдыр, мүмкін сәйкестік болар, бірақ мен үшін бұл қалыпты жағдай болды. Біз үйлендік және қазір біздің төрт керемет балаларымыз бар.

Лаураның күйеуі Серік Айдаров органда өз қызметін 17 жыл бұрын жедел уәкіл ретінде бастаған. ҚР ІІМ Қостанай заң институтының түлегі. Учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бойынша бөлімше басшысынан бастап басшы құрам лауазымдарын атқарды. Бүгінгі таңда ол подполковник атағында Түпқараған аудандық Полиция бөлімін басқарады.

Ағайындылардың бірі – А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі Ерболат өз мансабын Ақтау қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі болып бастады. Қазіргі уақытта Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ бөлімшесінің УПИ тобының учаскелік полиция инспекторы.

Кенесары – ең кішісі, полиция аға лейтенанты. Бесінші жыл қызметте. Ол Ақтау қаласы полиция басқармасының ЖПҚ учаскелік инспекторының көмекшісі. Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін бітірген.Ш. Есенов. Отбасылы, бес бала тәрбиелеп отыр.

Династия өкілдерінің бірі – Нұркен Дегениязов. Нұркен облыстық Полиция департаментінің ЖҚАЖ-нда қызмет етеді. «ЖҚАЖ» – әкімшілік полиция басқармасы бөлімшелерінің құрылымындағы жылдам қимылдайтын арнайы жасақтар. Олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге, қасақана құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және қарулы қылмыскерлерді ұстауға арналған.

Әскерден кейін 19 жастағы Нұркен ІІО-ға түсу үшін құжаттарын тапсырады және оны бастапқы дайындық мектебіне (КДМ) қабылдайды. Онда ол өз тағдырын полициядағы жұмыспен байланыстыруды шешкен болашақ әйелі Шолпанмен танысып, шаңырақ көтерді.

– Біз Нүркенмен оқу орында таныстық. Бір топта оқыдық. Әдемі келісті жас жігіт. Ол маған бірден ұнады. Оның тарапынан да мен өзара жауапты сездім. Содан бері біз кездесе бастадық және курстан соң бір айдан кейін сырға салу рәсімін жасадық, бұл құдалар арасындағы соңғы келісімді білдіреді. Жазда біз үйлендік. Мен органдағы қызметті одан әрі жалғастырмадым, оның орнына отбасын, келін мен жардың рөлін таңдадым, бұл таңдау бойынша мен әлі күнге дейін еш өкінбеймін, – деп жылылықпен еске алады Шолпан.

Қазір Нұркен мен Шолпан үш қыз тәрбиелеп отыр, сәби күтіп отыр. Нүркен – спортшы, кекушинкай каратэден ҚР бес дүркін чемпионы. Бұл спорт түрімен ол алты жылдан бері айналысады. Ол 2009 жылы Жапонияда Осака қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 2010 жылы Барселонада (Испания) Еуропа чемпионатының қола жүлдегері кубогын жеңіп алды. 2012 жылы облыстық ІІД Жол полициясы жеке батальонының полиция инспекторы кезінде ол Италияның Торонто қаласында өткен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Жапониядағы, Таяма қаласында өткен Әлем чемпионатына қатысты. Нүркен аймақтағы, республикадағы полиция департаментінің атынан қоян-қолтық ұрыстан бірнеше рет күресті. Ол өзінің салмақ дәрежесі бойынша күш құрылымдары арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша Чемпионаттың бірнеше дүркін жүлдегері болып табылады.

-Біз отбасымыз тату, ашық екенін мақтан тұтамыз. Біз барлығымыз шыншылдықпен, қағидаттылықпен және әділдікпен ерекшеленеміз. Қазіргі әлемде бұл өте маңызды! – деп атап өтті Нұркен. – Қиын және қауіпті жұмыс біздің отбасымыздағы қарым-қатынасымызға теріс әсер етпейді. Керісінше, полиция бізді жақындастырады. Талқылау үшін ортақ тақырыптар әрқашан бар.
Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Актоты :

    папам агаларым жезделерим мактан тутамын сиздерди😍♥️🙏🏻

Жауап қалдыру