Табиғи газдың таралуынан 4 адам зардап шекті
Атырау облысында табиғи газдың таралуынан төрт адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 мамыр сағат 08:15-те диспетчерлік қызметтің пультіне Құрманғазы ауданы Құрманғазы селосында орналасқан жеке меншік тұрғын үйде табиғи газдың таралуынан, газ плитасының жылтыр қосылымында газ-ауа қоспасының жарылуы болды.
Жарылыс салдарынан тұрмыстық заттар мен жиҺаздардың жануы, 100 шаршы метр болатын үйдің төбе жабындысының жануына ұласты. 09 сағат 48 минутта жану толықтай жойылды. Оқиға салдарынан күйікпен төрт адам ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде үш адам бет және қол күйігімен орташа дәрежелі ауырлықта, ал бір адам 90% денесінен күйік алып, ауыр жағдайда жатыр.
ТЖД-нен 20 қызметкер үш бірлік техника жұмылдырылды.