Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал кешенінен бұзау ұрлаған тұрғын ұсталды

Павлодар облысында мал кешенінен бұзау ұрлап, сарайына апарып жасырған жергілікті тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданы полициясының кезекші бөліміне Ертіс ауылында ірі қара мал өсірумен айналысатын мал шаруашылығы кешендерінің бірінен қауіпсіздік қызметінің басшысы телефон арқылы қоңырау шалып, белгісіз адамның жаңа туған үш күндік қара-ала түсті, биркасыз бұзауды ұрлап кеткені туралы хабарлама тастаған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді. Ол 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.


Ер адамның бұрын осы кәсіпорында жұмыс істегені, кешеннің орналасу жағдайын жақсы білетіндігі белгілі болды. Оның айтуынша, ол ұрланған бұзауды өз қолымен көтеріп алып шығып, сарайына жасырған.
Ер адам өз кінәсін мойындады. Кәсіпорынға келтірілген материалдық шығын сомасы 80 000 теңге.
Материал тіркеліп, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру