Мүмкіндігі шектеулі балаларға шағын ойын алаңы орнатылды
1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ 156/2 мекемесінің қызметкерлері Өскемендегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы балаларға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балаларға арналған шағын ойын алаңы орнатылды.
Қамсыз балалықты арнайы әлеуметтік орталықта өткізіп жатқан бүлдіршіндермен жүздесіп, сыйлықтар табысталды.
– Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бұл орталықта 60-қа жуық бала бар. Алдағы уақытта балалар мен бірге қарттар үйіне де, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек ауру сәбилерге де қол ұшын беру жоспарда бар. Мақсатымыз – осындағы бүлдіршіндердің бір сәт болса да көңілін жадырату, – деді ОВ 156/2 мекеме басшысының орынбасары Әділ Нұрланұлы.