Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы маңындағы тосқауыл-бекеттердің жұмысы қорытындыланды

Алматы облысының полициясы Алматы маңындағы тосқауыл-бекеттердің жұмысын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 31 мамырда №13 қаулысына сәйкес, 31 мамыр сағат 24.00-ден бастап Алматы маңындағы барлық санитарлық және блок-бекеттер өз жұмысын тоқтатты.

– Алматы облысы аумағында ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап барлығы 31 бекет жұмыс істеді, оған тәулік бойы қызмет ететін 300-ге жуық қызметкер мен 49 автокөлік жұмылдырылды. Карантиннің барлық кезеңінде кезекші құқық қорғау органдарының атқарған жұмыс көлемін толыққанды бағалау мүмкін емес. Мәселен, 18 наурыздан 1 маусымға дейін 592 194 көлік құралы тексеруден өткен. Алматы қаласынан облыс аумағына кіруге 894 893 адамы бар 529 129 бірлік автокөлікке рұқсат берілді, ал жүргізушілері мен жолаушылары бар 65 194 автокөлікке кіруге рұқсат берілмеді»,-деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Данияр Мендебаев.

ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес (ТЖ режимін бұзу)  3 921 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
– 476-бап 1-тармақ бойынша (келудің және шығудың ерекше режимін бұзу)  – 342;


– 476 б. 1 б. 2 т. бойынша (белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу )  – 41;

– 476-бап 1-б. 3-т. бойынша (бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салуды бұзу) – 7;


– 476 б. 1 б. 5 т. бойынша (алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу)  – 12;


– 476-бап, 1-б. 6-т. бойынша (карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу)  – 3434;


– 476-бап 1-б. 7-т. бойынша (көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар)  – 1;


– 476 б. 1 б. 9 т. бойынша (көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу)  – 84;


ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша 10 тұрғын төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру